«Жасыл мекен» челленджі

«Жасыл мекен» челленджі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2023 жылдың 13 мамыр күні сағат 12:00 Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жасыл мекен» челленджі өтті. Іс-шараға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 12 514 педагог және 57 691 білім алушы қатысты. Егілген көшеттер саны 14 697.