
Білім басқармасының ұйымдастырумен ағымдығы жылдың 25 сәуір күні Алматы облысы Жамбыл ауылындағы мәдениет үйінде мектеп Парламенттерінің "Ұландар -ұлылар ұрпағы" атты облыстық слеті өтті. Шараға 350 аса мектеп көшбасшылары, педагогтар,әр ауданның білім саласының әдіскерлері қатысты. Бірінші кезеңде мектеп көшбасшыларының жетістіктер көрмесімен танысты. Екінші кезенде "Брейн-ринг" тәжірибе алмасу алаңында үштік форматта Жамбыл аудан мектептерінің Президенттері және әр ауданның көшбасшылары бір стол басында "Мектептегі әлім жетік пен бопсалау" тақырыбында ашық диалог,"Болашақ тұлғасы бола аламыз ба?" тақырыбында дебат ойыны және "Алматы облысының экологиясы тақырыптарында Саммит өтті. Үшінші кезеңде Мектеп Парламенттерінің қортындысы бойынша жыл үздіктері, тәжірибе алаңында озық ойымен ерекшеленген спикерлер марапатталды Келген қонақтар Жамбыл Жабаев мұражайына саяхаттап,ақын атамыздың өмір тарихымен танысты.