
«Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау» мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2023 жылдың 3-5 мамыр аралығында«WorldSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Ағаш өңдеу жұмыстары», «Электромонтаждық жұмыстар», «Веб-технологиялар», «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Кіші сыныптарда оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі тәрбие және дайындық» құзіреттіліктері бойынша 5 колледждің базасында (Шамалған ауылы, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, Талғар политехникалы колледжі, Алматы экономикалық колледжі, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі,) жүргізді.Аймақтық чемпионаттың ашылу салтанаты 3 мамыр Шамалған ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. Чемпионаттың ашылу салтанатына «Talap» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Вице Президенті Садықов Нұржан Қабылқадырович шақырылды. Чемпионатты білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы ашып, Президенттің кәсіптік білімнің алдына қойған міндеттеріне және бірнеше жылдан бері колледж студенттерінің қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала келе, барлық қатысушыларды құттықтады.Үш күн бойы өткізілетін аймақтық чемпионатқа облыстағы 19 колледжден 23 компетенция бойынша 64 студент қатысты. Студенттердің кәсіби шеберлігін бағалау үшін сарапшылар «KHAMA PARK” мейрамханасы, «AN» ЖК, «Нур-Техресурс» ЖШС, Талғар аудандық электр желілерінің АЖК кабельдік желілеріне қызмет көрсету және жөндеу шебері, «Bugin Holding» ЖШС «DosPrintServis» ЖК, «CrownStar» ЖШС Казахстан қонақ үйі, «BALYM» ЖК, «АЛЬФА-МОТОРС» ЖШС, «HEASHOP» кәсіпорындары мен В.Терешкова Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп және «Айжан» бөбекжай балабақшасының мамандар тартылды.Аймақтық чемпионаттың салтанатты жабылуы әрі жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 5 мамыр сағат 10.00-де Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде өткізіледі.