
Алматы облысы білім басқармасының «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының» қолдауымен 2023 жылдың 19 сәуірінде Кеген ауданындағы «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» базасында, ұстазбен шәкірттің қарым қатынасынан құрылған «Қосымша білім беру орталығының жұмыс жүйесі» атты семинар өтті. Семинарға «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының» ұстаздары техникалық, сәндік-қолданбалы, биология-экологиялық бағыттағы үйірмелер бойынша шебер сынып сағаттарын өткізді. Робототехника, қолөнер, мүсін, ағашты өңдеу және көркемдеп ою, тігін, сурет, сәулетші үйірмелерінің оқушылары өз шығармаларынан «Шеберлікке шек жоқ» атты көрме ұйымдастырып таныстырды. Мәдениет үйінің үлкен сахнасында тілдік бағыттағы үйірмелерге қатысатын оқушылар өз өнерлерін көрсетті.