
Алматы облысы білім басқармасының «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемесі «Жас Ұлан» оқушылар үйінің ұстазбен шәкірттің қарым қатынасынан құрылған «Егіз ғұмыр» атты есептік концерті өтті. Концертке «Жас ұлан» оқушылар үйінің спорттық-туристік, техникалық бағыттағы үйірмелерге қатысатын оқушылар өз жетістіктерімен бөлісті.