
Алматы облысы білім басқармасының «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 сәуір күні Алматы облысы Талғар ауданы «Талғар қалалық балалар музыка мектебінде» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинар мақсаты: Қосымша білім берудегі оқыту барсында инновациялық технолгогияларды пайдалана отырып, бастапқы кәсіби музыкалық білім беру жолдары бойынша іс-тәжірибе алмасу.
Облыстық семинарға қосымша білім беру мекемелерінен 50 оқытушы мен басшылар қатысты. Семинар жоғары деңгейде өте отырып мақсатына жетті. Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптар мен ашық сабақтарды талдап оң пікірлерін білдірді.