
Алматы облысы білім басқармасының облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 07 сәуір күні Қонаев қаласының орта мектеп гимназиясы базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өткізілді.Көрме-байқауына жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.Байқау барысында Тоқыма бұйымдар номинациясы бойынша: Қонаев қ. ОМГ оқушысы Қанат А.1-орын. Ағашты,сүйекті,теріні көркемдеп өңдеу номинациясы: Райымбек ауданы,Текес ауылы Ерсанатұлы Д. 1-орын. Металды көркем өңдеу номинациясы: Қонаев қ. А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп Боровков С. 1-орын. Ағаштан,тастан,саздан мүсін жасау номинациясы: Қонаев қ. БШО оқушысы Кежебек Қ.1-орын.Ұлттық ою-өрнегі бар киімдер номинациясы: Жамбыл ауданы,“Жас-Ұлан” оқушылар үйінің оқушысы Джадигирова К.1-орын. Қағаздан бұйым жасау номинациясы: «Қарасаз ауылындағы өнер мектебі» оқушысы Закен Н.1-орын. Ұлттық нақыштағы дизаин жобасы. Қонаев қ. №3 орта мектеп оқушысы Жайық Е.1-орын.