
2023 жылдың 19-24 наурыз күндері аралығында Жетісу облысы, Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында спорттық туризм бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жасөспірімдер командалары арасында Алматы облысының «Альпийская роза» командасы спелеотуризм бойынша жалпы командалық есепте III орынды және тау туризмі бойынша III орынды иеленді.