
Ағымдағы жылдың 7 наурызында «Пән мұғалімдерінің ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасауда бағдарлама құру жолдары» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек беру, өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында аймақтық семинар өтті. Семинар аясында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 60 педагог қатысты.