Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау

Алматы облысының облыстық арнайы мектеп-интернаттары «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен арнайы жабдықтармен толықтырылды.

Облыстық №2 мектеп-интернатында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Б.Жәмішев, облыстық білім басқармасының басшысы С.Беспаева, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры А. Кудеринова, «Kazdidac» Ассоциация төрағасы К.Казанцевтің қатысуымен презентация өткізілді.

«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев таныстырылым кезінде жобаның басты міндеті - ерекше білім беруді қажет ететін балалар білім алып жатқан білім беру ұйымдарын дамыту болып табылатынын атап өтті.