
2023 жылдың 21-ақпан күні Алматы облысы білім басқармасының қолдауыменен Ұйғыр ауданында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық клубтарының ашылу салтанаты өткізілді.
Аталған іc-шараға Республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы М. Меңдіғалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Т. Джумурбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, генерал – майор М. Нагуманов, «Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық ұйымының құрметті төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Ұлттық құрылтай» мүшесі, ұлттық қауіпсіздік полковнигі Ш. Нурумов, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Қазақстан ұйғыр жастары одағының» аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы Р. Кайрыев, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери –патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Е. Ержанова, Алматы облысы білім басқармасының басшысы С. Беспаева, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыльда әскери борышын өтеген азаматтар, офицерлер, қоғам белсенділері, Алматы облыстық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы М. Шарапов қатысып оқушыларды құттықтады.
Жалпы аталған іс-шараға 224 оқушы (Д.Қонаев, М.Таипов, Ж.Құдайбергенов, М.Хамраев, Шонжы мектеп-лицейі, Ардолайты, Тасқарасу, Шырын, Суңқар, Дардамты, Шошанай, Сүмбе) орта мектептерінің оқушылары салтанатты түрде ант қабылдау рәсімін өтіп «Жас Сарбаз» клуб мүшесін растайтын арнайы куәліктері табысталды.