
2023 жылдың 16-17 ақпан күндер аралығында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер кәсіптік колледжінің базасында «Жалпы білім беру мекемелері мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне «Шаңғы туризімін дамыту» атты екі күндік облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Семинардың бірінші күнінде «Жергілікті жерде спорттық бағдарлау» және «Шаңғы жорығын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарында теориялық жұмыстар жүргізіліп, екінші күні 8 шақырамға созылған кросс жорық бағыты бойында туристік кедергілерден өту, бивуак ұйымдастыру, ас дайындау, алғашқы көмек көрсету бойынша іс-тәжірибиелерін сынады. Жалпы облыстық семинар-практикумға 37 педагог қамтылды.