
14 ақпан күні жекеменшік балабақша педагогтеріне әдістемелік көмек беру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы «Келешек» бөбекжай-балабақшасында «Балабақшада тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік десант өтті.
Шара барысында “Келешек” балабақшасының тәжірибелі педагогтері балабақшада заттық дамытушы орта құрудың тиімділігі, педагогтермен балалардың іс-әрекеттері, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, робототехника, эксперименттік-зерттеу жұмыстары мен білім беру процесіндегі белсенді әдіс – тәсілдер бойынша шебер-класстар көрсетті. Шараға 50 жекеменшік балабақша педагогтері қамтылды.