
08.02.2023 ж., «Наубайхана, макарон және кондитерлік өндіріс» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасының сапасын бағалау мақсатында Алматы экономикалық колледжінде «Академиялық дербестік жағдайында жұмыс оқу бағдарламаларын өзектендіру» тақырыбында «Беккер» ЖШС, «Cookskz» ЖШС, «Ақсай нан» ХБК ЖШС, «Honmil» ЖШС, «Камила» ЖК әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шарада жоғарыда аталған әлеуметтік серіктестіктер мен Алматы экономикалық колледжі арасындағы кешенді жоспардың орындалуы аясындағы жұмыстар талқыланды.