
2023 жылдың 10 ақпан күні Іле ауданының № 10 орта мектебі базасында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің туризм және өлкетану үйірмелерінің жетекшілері мен оқушыларына арналған «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Семинар бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімінде қатысушылар туризмнің белсенді түрлері мен туристік құрал-жабдықтармен таныстырылса, практикалық бөлімінде құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, туризмнің белсенді элементтерін өздері орындады.
Жалпы семинарға 7 ауданнан 40 аса адам қатысты.