«Кітап оқы. Шабыттан» облыстық байқауының ашылу салтанаты

«Кітап оқы. Шабыттан» облыстық байқауының ашылу салтанаты

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  «Парасатты оқырман» жобасының аясында  кітап оқу қызығушылығын жандандырудың тәжірибедегі мүмкіндіктерін ұсыну, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында 3 ақпан Қаскелең мәдениет колледжінің базасында «Кітап оқы. Шабыттан» облыстық байқауының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Пленарлық отырыс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, колледж, мектеп мамандары тәжірибелерімен бөліссе, шығармашылық жұмыстар аясында колледж педагогтері шығынсыз өнім арқылы жасалған бұйымдар мен оқуға тиіс 30 кітаптың көрмесін ұсынды.

Ал, тәжірибелік алаң барысында «Парасатты оқырман» жобасының мүшелеріне «Кітап оқы. шабыттан» облыстық байқау ережесінің таныстырылымы өткізіліп, «Мен қандай оқырманмын?» тақырыбында сауалнама жұмысы жүргізілді. Облыстық байқаудың ашылуына 50  адам  қатысты.