
2023 жылдың 31 қаңтарында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында облыстық «Ұлттық пікірсайыс» турнирі Қарасай ауданы, Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясының базасында өткізілді.
Ұлттық пікірсайыс ойындарының қатысушылары ұлттық киіммен сайысқа түсіп турнир нәтижесінде қазақ лигасынан; І - орын Қонаев қаласының «Аманат» фракциясы, ІІ – орын Қарасай ауданының «Қалмаққырған» фракциясы және ІІІ - орын Жамбыл ауданының «70%» фракциясы иеленді.
Орыс лигасынан; І - орын Қарасай ауданының «Президент» фракциясы, ІІ – орын Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінің «Умеки-Тора» фракциясы және ІІІ – орын Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің «Sunshine» фракциясы жеңіп алды, сонымен қатар “Үздік сөз шебері” номинациясының иегерлері Алиева Наргиз, Бақтияр Аружан, “Үздік спикер” номинациясының иегерлері Тұрман Ақерке, Тайтанова Диана, “Талпыныс” номинациясының иегерлері «Еңбекшіқазақ», «ATWO» фракциялары иеленді. Жүлделі болған командалар және номинация иегерлері құрмет грамотасы мен қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жалпы турнирге 48 оқушы қамтылды.