Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтік мінез-құлқының алдын алу

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтік мінез-құлқының алдын алу

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Талғар ауданында “Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтік мінез-құлқының алдын алу”тақырыбындағы  облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинардың мақсаты:балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу саласындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштерін төмендету бойынша құзырлы органдармен жұмыстарды күшейту, суицидтік мінез-құлық көрінестерінің ерекшіліктерін анықтау.

Отырысқа шақырылғандар: облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция  қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Құдайбергенова Лаура Иманғалиқызы, Алматы облысы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі  Есімбекова Айгүл Қанатқызы, Талғар ауданының жалпы білім беретін мектеп басшылары,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және ата-аналар комитеттерінің төрағалары.