
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі бүгін, яғни 30 қаңтар күні бастау алды.
Алматы облысы бойынша 9 аудан, 1 қаладан математика және физика пәндері бойынша 9 сыныптардан – 315 оқушы, 10 сыныптардан –242 оқушы, 11 сыныптардан - 214 оқушы аудандық/қалалық кезеңге қатысты.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілуде.
Олимпиада барысы туралы ақпаратты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің колл-орталығынан алуға болады.