Семинар-практикум

Семинар-практикум

27 қаңтар күні Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, № 7 ОМ базасында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтеріне «Тілдік дағдыларды дамытудың тәжірибедегі мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар  барысында пән мұғалімдері тілдік дағдыларды қалыптастырудың  әдіс-тәсілдерін бөлісе  отырып, өзара тәжірибе  алмасты. Семинарға қатысқан  30 педагог арасында тиімді кері байланыс орнатылды.