
Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Информатика пәні бойынша педагогтердің күнделікті сабақты жоспарлауы» тақырыбында аймақтық диалогтік алаң өтті. Аталған шарада Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарының информатика пәні мұғалімдері сабақты жоспарлаудағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Шараға 90 информатика пәнінің мұғалімдері қамтылды.