
Білім басқармасының жоспарына сәйкес Алматы экономикалық колледжінің базасында «Студенттердің әлеуметтік құқықтық жағдайлары мен психологиялық ахуалдарын анықтау жолдары» тақырыбында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған облыстық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына «Студенттердің әлеуметтік құқықтық жағдайлары мен психологиялық ахуалдарын анықтау жолдары» тақырыбында өткізілгелі отырған облыстық семинар жұмысына Алматы облысы бойынша балалар құқығын қорғау уәкілі А.Есімбекова, «Қазақ психологиялық қоғамының» халықаралық деңгейдегі психологы, Туран университетінің PHD докторы Ж.Турниязова қатысып, «Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет пен «Жедел топ» жұмыстарын ұйымдастыру», «Білім беру ұйымдарында жастар арасындағы зорлық-зомбылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен алмасты.
Есік гуманитарлық-экономикалық және С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледждерінің педагог-психологтары Ж.Хабаева мен Г.Мамытова «Студенттердің психологиялық денсаулығын жақсартуда ата-ана және педагогтың рөлі» тақырыбында ситуациялық жағдаяттарды шешу бойынша шеберлік кластар көрсетті.