«Педагогикалық тәжірибе панорамасы» облыстық вебинары

«Педагогикалық тәжірибе панорамасы» облыстық вебинары

ТжКББ ұйымдары инженер-педагогтеріне «үздік педагогтердің тәжірибесімен танысу, шығармашылық ізденісті жетілдіру» мақсатында   «Педагогикалық тәжірибе панорамасы»  тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарда,  Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан  облыстары мен Астана, Алматы қалаларының «Үздік педагог-2022» Республикалық конкурсының жүлдегерлері тәжірибелерін ұсынды. Іс-шара аясында үздік педагогтер студенттердің кәсіпкерлік құзыретін арттыруда пайдаланатын белсенді әдістерін, әдістемелік өнімдерді, электронды портфолионы  әзірлеудің жолдарын,  сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен  «TBLT» әдістерінің оқытудағы мүмкіндіктерін, шынайы бағалауды іске асырудағы «WorldSkills» стандартын тиімді ендірудің бағыттары бойынша тәжірибелерін ұсынды.

Қорытынды кезеңде педагогтер кәсіби құзыреттілікті ұдайы жетілдіргенде ғана шығармашылық табыстар болатынына  көз жеткізді.

Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.