«Ұлттық пікірсайыс» турнирі

«Ұлттық пікірсайыс» турнирі

Құрметті оқушылар! 2023 жылдың 31 қаңтарында Алматы облысының Білім басқармасының қолдауымен  мектеп оқушыларының арасында «Ұлттық пікірсайыс турниры» ұйымдастырылады. Облыстық турнир Алматы облысы,Қарасай ауданы,Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында оффлайн форматта өткізіледі. Турнир екі айналымда, бірінші айналым іріктеу раундтары,екінші айналым: негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал. «Ұлттық пікірсайыс» турнирінде 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы қызықты кешенді іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар, пікірсайыс барысында ұшқыр оймен көзге түскен, үздіктің үздігі атанған женімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз да бар.

Ұлттық турнир қатысушыларына сәттілік тілейміз. 

Құрметті қонақтар мен пікірсайысшылар,сіздерді білім ордасында асыға күтеміз. Байланыс телефондары : 87759282773, 87072271995