
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 25 қаңтар күні «Болашақ» ассоциациясымен бірлескен Талғар ауданы №3 орта мектебінде жекеменшік балабақша педагогтеріне әдістемелік көмек беру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау бойынша аралық мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымын таныстырды. Аталған шараға Талғар ауданы бойынша 95 жекеменшік балабақша педагогтері қатысты.