
2023 жылдың 19 - қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы, Ф. Абдуллин орта мектебінде «Сабақ үрдісінде психологиялық ахуалды қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Әдістемелік десанттың мақсаты – педагогтерге психологиялық,оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдауға қажет әдістемелік көмек көрсету. Аталған іс шараға ауданның 45 педагог-психолог маман қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.