«Кәсіподақ – еңбек адамымен бірге» облыстық вебинары

«Кәсіподақ – еңбек адамымен бірге» облыстық вебинары

ТжКББ ұйымдары инженер-педагогтеріне «жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында әділетті жарастық, әлеуметтік әріптестік орнатудың әлеуетін арттыру» мақсатында   «Кәсіподақ – еңбек адамымен бірге»  тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарда,  облыстық білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қ.Асылханов «Кәсіподақ – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор», Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Кәсіподақ төрайымы Ә.Әуезова «Ұстаздың кәсіби әрекетіндегі педагогикалық әдеп», Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі  кәсіподағының  төрайымы Г.Дауытова «Колледжде кәсіподақ қызметін тиімді  үйлестірудің тәжірибедегі мүмкіндіктері»,  Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің аға шебері Р.Найзаев «Әлеуметтік серіктестермен  өндіріс шарттарын жақсарту және реттеу» тақырыптарында ой бөлісіп, педагогтердің  еңбек қатынастарына байланысты қойған  өзекті  сауалдарына жауап берді.

Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.