
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні жас педагогтердің шығармашылық еркіндік кеңістігін, зерттеушілік ізденістің бағытын таңдау, өзін-өзі көрсету, тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында Қонаев қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында «Педагогикалық дебют» атты байқауы өтті.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегі жас мамандар байқау жеңімпазы деп танылды:
І орын Қарасай ауданы, С.Керімбеков атындағы орта мектебі Төлепберген Кәмшат Талғатқызы;
І орын Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясы МДШО Мұрат Мәдина;
ІІ орын Қарасай ауданы А.С. Пушкин атындағы орта мектебі Төленов Талғат Қуанышұлы;
ІІ орын Талғар ауданы Әл-Фараби атындағы №31 орта мектебі Амантай Мұрат Ерболұлы;
ІІ орын Еңбекшіқазақ ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектебі Есиркегенова Жанар Науризбаевна;
ІІІ орын Іле ауданы К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебі Жұманазар Несібелі Қолдасқызы;
ІІІ орын Іле ауданы «№40 орта мектебі Болат Аида;
ІІІ орын Қонаев қаласы Орта мектеп-гимназия МДШО Сұлтан Әсел Хасанқызы;
«Ізденімпаз ұстаз» - «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі» Даниярқызы Дариға;
«Шығармашыл ұстаз» - «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» Айдар Айбар Мұратұлы;
«Жаңашыл ұстаз» - «Шәлкөде орта мектебі» Мұқан Ақжол Бауыржанұлы.
Байқауға 17 жас маман қатысты.