
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сырттай арнау – жырлар байқауы өтуде.
Байқауға әр өңірден жалпы 300-ден астам жұмыс қабылданды. Жұмыстарды бағалауға арнайы қазылар алқасы құрылып, сарапталуда.
Үздік деп танылған шығармалар жинаққа ұсынылады және арнайы Диплом, Алғыс хаттармен марапатталады.