
2023 жылғы 17 қаңтарда Алматы облысы білім басқармасының басшысы С.Беспаеваның төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты білім басқармасы жанындағы жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Алматы облысының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жұмаханов Марлен Жұмаханұлы және облыстың кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентінің сақталуы, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру және тәрбие тұжырымдамасының орындалуы туралы мәселелер қаралды.
Басқарма басшысы С.Беспаева колледж директорларына білім алушылар контингентінің сақталуы өте маңызды мәселе екенін және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын мүлтіксіз орындау қажеттігін айтты.
Студенттердің сабаққа қатысуына мониторинг жасау, себептерін анықтау, ата-аналармен жұмыс жасау, оқудан шығып кетулерінің себептерін талқылау, қажетті шешімдерді қабылдау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Саналы тәрбие мен сапалы білім беруде кәсіпорындардан білікті мамандарды тарту және кәсіпорындар базасында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері тағылымдамадан өту қажеттігін айтты.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің бағыттары бойынша, оның ішінде, құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатындағы жұмыстарды күшейту және «Әкелер мектебі» жобасын іске асыруды міндеттеді.
Сонымен қатар, білім басшысы техникалық және кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша рейтинг жасау туралы тапсырма берді.
Жиынға Алматы облысы бойынша 41 колледждің (22 мемлекеттік және 19 жекеменшік) директорлары қатысты.