«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты волейболдан облыстық турнир

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты волейболдан облыстық турнир

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданында 2022 жылдың желтоқсан айының 12-15 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты волейболдан облыстық турнирі өткізілді.
Турнир нәтижесінде; І-орын Іле ауданы, ІІ-орын Еңбекшіқазақ ауданы және ІІІ-орын Ұйғыр ауданы иеленді. Жүлделі орындарға ие болған командалар Алматы облысы білім басқармасы басшысының кубогы, медаль және құрмет грамоталарымен марапатталды. Жалпы аталған іс-шарада 108 мұғалім қамтылды.