
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып педагогтерінің өз авторлық инновациялық тәжірибесін және педагогикалық кәсіби қызметіне сай ұсынған идеяларының жүйелілігін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 23 қарашасында Қонаев каласы №3 орта мектеп базасында «Ұшқыр ой» идеялар алаңын өткізді. Аталған шарада педагогтер «Жаңашыл мектеп» тақырыбында павильон-көрмесін ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Алаң жұмысына 60 педагог қатысты.