
2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы республикалық кезең цифрлы форматта өткізілді, конкурсқа қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған кестесі бойынша Астана қаласының білім беу ұйымдарында оқушылармен сабақ жүргізді. Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог-2022» атағына ие болды, соның ішінде Алматы облысынан:
Абишева Айнур Абджалаловна - Қарасай ауданы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі
Адият Махсат - Жамбыл ауданы, Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Утепбергенова Гульнур Агибаевна - Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері
«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарына «Үздік педагог» төсбелгісі мен республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат табысталды.