
2022 жылдың 17 қараша күні Алматы облысы білім басқармасының білім сапасын арттырудың «ЖОЛ КАРТАСЫ» жобасына сәйкес Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты тәжірибесінен Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты базасында ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру мақсатында «Кәсіби құзыреттілікті арттыру траекториясы» жобасы аясында тәжірибелік алаң өткізді.
Шарада Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернатының математика және физика пән мұғалімдері өз іс-тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Тәжірибелік алаңға 45 педагог қатысты.