
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға негізделген тапсырмалар бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар (Райымбек ауданы, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы базасы) өтті.
Аталған іс-шараға қатысқан 55 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды өзара талдап, тәжірибелерін ортаға салды. Семинар соңында тиімді кері байланыс орнатылды.