Студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары

Студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 16 қарашада «Студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары» тақырыбында колледжге оқуға жаңадан келген студенттердің оқу орнына бейімделуіне ықпал ету, өзекті мәселелерін анықтау және көмек көрсету мақсатында колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына және психологтарымен Қонаев көпсалалы колледжінің базасында облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Психология ғылымының магистрі, «SN-Psichology Academy» білім мен дамыту орталығының директоры, оқытушы, психоанализ бағытындағы психотерапевт С.Момынова, Қазақстан психологтары одағының мүшесі, психоанализ ассоциациясының мүшесі, жеке тұлға дамыту кеңесшісі, практик психолог Н.Темірғалиева қатысып, студенттердің оқу орнына бейімделуінің өзекті проблемалары, колледждің тәрбиелік ортасы студенттердің сәтті бейімделуінің негізгі шарты мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-кластар мен тренингтер көрсетті.