
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы колледждегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу мақсатында 27 қазан күні Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі базасында «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеге колледждегі тәлімгер мен жас маман оқу үдерісі бойынша ықшам сабақ, шебер-сынып, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, бірлескен жоба негізінде тәжірибелерін ұсынды. Шараға 26 педагог қатысты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
“Үздік ықшам сабақ” номинациясмен Есік гуманитарлық- экономикалық колледжінің жалпы білім беретін пән оқытушылары М.Қондыбаева, А.Райханова ;
Үздік шебер-сынып номинациясымен "Ұзынағаш" медициналық колледжі мекемесінің кәсіптік пән оқытушылары З.Анаятова, Д.Ахматова;
“Үздік таныстырылым” номинациясымен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Е.Сатбалдинов, М.Малик;
“Үздік жоба” номинациясымен Қаракемер кәсіптік колледжінің өндіріктік оқыту шеберлері ГМұратқызы, Н.Омар марапатталды.