
Алматы облысының білім басқармасы ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Қонаев қаласы №3 орта мектебі базасында баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құруда балабақшалардың инновациялық тәжірибесін тарату, мәртебесін көтеру мақсатында «Үздік жекеменшік балабақша» облыстық байқауын өткізді. Қазылар алқасының шешіміне байланысты төмендегі балабақшалар облыстық байқаудың жеңімпаздары деп танылды:
І – орын Талғар ауданы БОТО «Еркем-Ай» балабақшасы;
ІІ – орын Қарасай ауданы ЖШС «Timosh балапан» балабақшасы,
ІІ – орын Жамбыл ауданы ЖШС «Өркениет» балабақшасы;
ІІІ – орын Қонаев қаласы ЖШС «Малыш» балабақшасы,
ІІІ – орын ЖШС «Алим-2» балабақшасы.