Дарынды балаға – талантты ұстаз

Дарынды балаға – талантты ұстаз

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында Қонаев қаласы, №3 орта мектеп базасында «Дарынды балаға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі жас мамандар байқау жеңімпазы деп танылды:

І орын Іле ауданы, №37 мектебі К. Темирбаева;

ІІ орын Жамбыл ауданы«Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» К. Джалгасбаев;

ІІІ орын Қарасай ауданы «А.С. Пушкин атындағы орта мектебі» С. Диқанбаев;

ІІІ орын Кеген ауданы «Ө. Жаңабаев атындағы орта мектебі» А. Медетқызы.

Байқаудың І орын иегері К. Темирбаева республикалық кезеңге жолдама алды.

Байқауға 10 жас маман қатысты