Республикалық педагогикалық құрылтай

Республикалық педагогикалық құрылтай

14 қазан  күні Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Алматы облыстары педагогтерінің қатысуымен онлайн режимде «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» тақырыбындағы республикалық педагогикалық Құрылтай өтті.

Құрылтайдың мақсаты: білім беру жүйесіндегі жалпыұлттық құндылықтардың негізгі факторы ретінде зияткерлік-тәрбиелік капиталдың маңыздылығын арттыру.

Құрылтайдың пікірталас алаңында Жамбыл ауданы «Наурызбай батыр Құтпанбетұлы» атындағы ОМ география пәнінің мұғалімі А.Тампишева,  Жамбыл ауданы «Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсаметов» атындағы мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Н.Кушербаева, Талғар ауданы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №17 ОМ математика пәнінің мұғалімі М. Шыныбаева іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, пленарлық мәжілістің телекөпір айдарында балабақшада ұлттық құндылықтарға негізделген білім берудің мүмкіндіктерін қарастырса, жалпы орта білім беру ұйымдарында тәрбие бағыты бойынша жобалардың жүзеге асырылуын, арнайы мамандандырылған мекемелерде кәсіптік бағдарлау жұмысына психологиялық қолдау көрсету және техникалық және кәсіптік білім беруде «ELEKTUDE» бағдарламасы арқылы сабақты ұйымдастыру жолдарын ұсынды.