«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» облыстық байқауы

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» облыстық байқауы

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 19 қыркүйек күні әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» облыстық байқауын сырттай өткізді. Қазылар алқасының шешіміне байланысты төмендегі әдіскерлер облыстық байқаудың жеңімпаздары деп танылды: І орын - Б. Балиева, Қарасай ауданы «Айгөлек» балабақшасының әдіскері; ІІ орын - А. Саркеева, Жамбыл ауданы «Балбөбек» бөбекжайы әдіскері; ІІІ орын - Ж.Нармаганбетова, Еңбекшіқазақ ауданы «Айгөлек» балабақшасының әдіскері. Байқауға мектепке дейінгі ұйымның 9 әдіскері қатысты. Облыстық байқаудың жеңімпазы Қарасай ауданы «Айгөлек» балабақшасының әдіскері Б. Балиева республикалық кезеңге жолдама алды.