
2022 жылдың 21 қазан күні облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ ауданы, Райымбек батыр атындағы орта мектебі базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен «Информатика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.
Семинарда Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, магистр Д.Наурызбаев PYTHON бағдарламалау тіліндегі есептерді шығаруға арналған сайттар бойынша және облыс педагогтері Н.Бибаева, Н.Изимбетов (Еңбекшіқазақ ауданы), Ж.Турмагамбетова (Жамбыл ауданы), А.Жаксылыкова (Іле ауданы) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 55 педагог қатысты.