
6 қазан күні Шамалған ауылы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің базасында «дарынды және шығармашылық педагогтерді анықтау және қолдау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру» мақсатында Көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауға Талғар агробизнес және менеджмент, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Талғар политехникалық, Сарыжаз кәсіптік-техникалық, Шелек политехникалық, Шонжы политехникалық, Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Қаракемер кәсіптік, Есік кәсіптік-техникалық колледждерінен 9 инженер-педагог қатысты. Қатысушылар кәсіби шеберліктерін 4 модуль бойынша сынға салды. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар тобы СІЅ жүйесі бойынша бағалады.
І дәрежелі диплом – Сатқанбай Нұрболат Хожашұлы, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері;
ІІ дәрежелі диплом – Мұқанов Беккали Мұхтарханұлы, Талғар политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;
ІІІ дәрежелі диплом – Оразалиев Ерлан Шолпанбаевич, Қаракемер кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері;
ІІІ дәрежелі диплом – Тургенбаев Шыңғыс Аблайевич, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттары табысталынды. Бірінші орынды иеленген Сатқанбай Нұрболат Хожашұлы, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері 11-12 қараша аралығында Қостанай қаласында өтетін республикалық кезеңде Алматы облысының намысын қорғамақ.