«Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» облыстық байқау

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» облыстық байқау

Кәсіби шеберлігі мен өзіндік жаңашыл идеясы бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бастауыш сынып мұғалімдерін анықтау мақсатында 2022 жылдың 8 қарашасында  Іле ауданы Байсерке ауылы, №28 мектеп-гимназиясы базасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» облыстық байқауы  өтті. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес төмендегі аты аталған мұғалімдер байқау жеңімпаздары болып танылды:

І-орын  - Жанузакова Гульзана Байсапаровна, Іле ауданы, №12 ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ-орын –  Г.Уристенбаева, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ-орын – Д.Кашкимбаева, Жамбыл ауданы, Ү.Кәрібаев атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ-орын – Қ.Алтаева, Балқаш ауданы, Бірлік ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ-орын – К.Сыйырбаева, Қонаев қаласы, Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ-орын – Н.Мамон, Талғар ауданы, «ДАНА» жекеменшік білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

«Шығармашыл мұғалім» - номинациясымен М.Оскенбаева, Қарасай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

«Зерттеуші мұғалім»- номинациясымен Г.Елкушикова Райымбек ауданы, С.Сауранбаев атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі.