
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 қараша күні Қонаев қаласында «Білім басқармасы басшысының кубогы» білім беру мекемелерінің директорлары арасында шахматтан облыстық турнирі өткізілді.
Турнир нәтижесінде: Бас жүлде Райымбек ауданы, Т. Жанұзақов орта мектебінің директоры М.Стыбеков, І-орын Еңбекшіқазақ ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры М.Ыдырысов, ІІ-орын Жамбыл ауданы, Қазыбекбек орта мектебінің директоры Д.Таджимагамбетов, ІІІ-орын Кеген ауданы, А.Түркебаев атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Б.Момбеков жүлделі орындарға иеленіп, білім басқармасы басшысының кубогы, медаль және құрмет грамоталарымен марапатталды.