
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10 қараша күні Қонаев қаласында «Балалар жылы» аясында Алматы облысының оқушыларымен «Кемел келешектің жас көшбасшылары» атты облыстық ашық алаңы өткізілді.
Кездесу барысында арнайы шақырылған спикерлер Алматы облысының білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы, Алматы облысының пікірсайыс лигасының президенті, облыстық маслихат депутаты Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Ұлан Боранбайұлы және Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Батырбекұлы өз баяндамаларын оқыды.
Мектеп парламентінің көшбасшылары спикерлерге сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатылды.Аталған шарада жалпы 312 оқушы қамтылды.