
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 9 қараша күні Қонаев қаласында “Балалар жылы” аясында «Мен сізді үлгі тұтамын» атты жобасы жалпы білім беру мектептерідің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы және кадет сыныптарының оқушылары арасында облыстық әскери-патриоттық ашық алаңы өткізілді.
Жоба жұмысында бас спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Дженишович Джумакеев қатысып, ашық алаң барысында жиынға қатысушылармен әскердің тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие берді.
Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын айтып, тақырып аясында сұрақтар қойылды. Жалпы жобаға облыс бойынша 218 оқушы қамтылды.