«Отансүйгіштік - Ұлттық рухтың асқақ белгiсi» атты облыстық патриоттық форум

«Отансүйгіштік - Ұлттық рухтың асқақ белгiсi» атты облыстық патриоттық форум

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 8 қараша күні Қонаев қаласында “Балалар жылы” аясында Алматы облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен «Отансүйгіштік - Ұлттық рухтың асқақ белгiсi» атты облыстық патриоттық форумы өткізілді. Алматы облысы білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы форумды салтанатты түрде ашып, құрметті қонақтарын алғыс хатпен марапаттады. Форумның басты қонағы Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, панкратион мен бушидодан әлем кубогының иегері елімізде жауынгерлік өнердің өркендеуіне үлес қосқан, Алаштың мақтан тұтар ұлы Ардақ Құттықожаұлы Назаров ашық алаңда басты спикер ретінде қатысты. Сонымен қатар, спикер Алматы облысының кадет сыныптары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары арасында отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ашық сағатын өткізді.