«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» иновациялық идеялар атты облыстық байқау

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» иновациялық идеялар атты облыстық байқау

Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 21 қазан күні, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп базасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» иновациялық идеялар атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Алматы облысынан 6 аудан, 1 қала және 2 қосымша білім беру мекемелерінен 87 оқушы қатысып, байқау нәтижесінде жалпы командалық есепте Қарасай ауданының құрама командасы 3-орынға иеленіп 50 000 тг ақшалай сый ақымен, 2-орынды Ұйғыр аданы 100 000 тг ақшалай сыйақы және 1-орынды Іле ауданы 150 000 тг ақшалай сыйақымен марапатталды, сонымен қатар 9 номинация бойынша ең үздік жұмысымен есепке алынған оқушылар алғыс хатпен және жарыста жүлделі орындарға ие болған командалар Алматы облысы білім басқармасының дипломдарымен және команда жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.