Қосымша білім беру басшыларымен педагогтеріне арналған «Уақыт талабына сай оқушының қабілетін дамыту» облыстық семинары

Қосымша білім беру басшыларымен педагогтеріне  арналған «Уақыт талабына сай оқушының қабілетін дамыту» облыстық   семинары

Алматы облысы Білім басқармасы қолдауымен 2022 жылдың 4 қараша айында Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Балалар музыка  мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында қосымша білім беру басшыларымен педагогтеріне арналған «Уақыт талабына сай оқушының қабілетін дамыту» облыстық семинары өткізілді. 

Облыстық тәжірибе  алмасу семинарына келген басшылары мен ұстаздардың «Шебер сыныбы» жоғары деңгейінде өткенін айтып өтті.

Алматы облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери  дайындығы және қосымша білім берудің  ғылыми тәжірибелік орталығының»  көркем эстетикалық бөлімінің меңгерушісі Усенова  Кульзина Есеновна салтанатты түрде мектеп ұстаздарын марапаттады.

Семинар соңында «Өнер әлемінің рухани елшісі»  концерттік бағдарламасымен аяқталды.